Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды ВПЧ-ге қарсы вакцинациялау басталды

Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы-адам папилломавирусына (ВПЧ) қарсы қыздарды вакцинациялау басталды.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес жоспарлы тәртіппен 11 жастағы қыздар вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ, 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған иммундау жүргізіледі.

Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинация тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.

Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі HPV инфекциясы екенін дәлелдеді.

Вакцинация қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғауға бағытталған. HPV вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді.

Бүгінгі таңда HPV вакцинасы әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында ВПЧ таралуы бүгінгі күні 90% – ға төмендеді.

Недавние записи

Контакты